$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Уайс Ерсайынұлы: Азаматтардың құқығын қорғайтын жаңа тетіктерге жол ашылып жатыр

Оның айтуынша, биліктің тармақтары өзгеріске ұшырап жатыр

Уайс Ерсайынұлы: Азаматтардың құқығын қорғайтын жаңа тетіктерге жол ашылып жатыр
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Уайс Ерсайынұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария түрде қол қойған заңдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Заңдарға жария түрде қол қою – Қазақстанның жаңа дәуірінің бетбұрысы. Себебі осы уақытқа дейін біз айтып келген халықтың күткен өзгерісі, Конституцияға енген өзгерістің барлығына нүкте қойылып отыр. Осының нәтижесінде Президенттен бастап, атқарушы билік, заң шығарушы биліктің құрылымы өзгеріске ұшырап жатыр», - деді ол.

Уайс Ерсайынұлы өзгерістердің ерекшеліктерін тізіп берді.

«Барлық партия филиалдарының төрағалары болып бұрын әкімдер сайланып келетін болса, қазір оларға шек қойылып жатыр. Одан басқа да өзгерістер халықтың тағдырына тікелей әсер ететін, қарапайым азаматтарға мемлекет билігіне, өз құқығын қорғайтын жаңа тетіктерге жол ашылып жатыр», - деді Ерсайынұлы.

Айта кетейік, 5 қарашада Мемлекет басшысы алты конституциялық заңға жария түрде қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары