Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 20 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 20 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

7 қарашадағы мәлімет бойынша, 719 адам коронавирус инфекциясынан (–571+ және 148 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 86 пациент стационарда, 633 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.