Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады
«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылдың 6- қарашасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкерінің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған», - делінген компанияның ресми хабарламасында.
Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.