$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Перуде халық президенттің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты

Шеруге мыңдаған адам қатысқан

Перуде халық президенттің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты
фото: ria.ru

Перуде халық ел президенті Педро Кастильоның отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты. Бұл туралы Azattyq Ruhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, алты аймақта шеру өткен, ал ел астанасында полиция қарсылық танытқандарға көзден жас ағызатын газ қолданды.

«Перу астанасында ғана емес, президенттің отставкасын немесе импичмент талап еткен азаматтар Пьюра, Трухильо, Чиклайо, Куско және Уанкайо аймақтарында да шеруге шықты», - деп хабарлады RPP радиостанциясы.

Халық президентті, оның отбасы мен айналасын жемқорлыққа барды деп айыптауда. Кастильоға қатысты жемқорлық пен басқа да қылмыстар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалған. Алайда ол бұны жоққа шығарып, саяси қудалау деп атады.

Серіктес жаңалықтары