Полиция оқиға себептері мен қатысушыларды анықтап жатыр
Есік қаласында жаппай төбелестен соң жарақат алған 5 адам ауруханаға түсіп, оның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облыстық ПД хабарлауынша, 6 қарашада сағат 00.55 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне көпсалалы ауруханадан түрлі жақаттары бар 5 адамның келіп түскені туралы ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі алған жарақатынан көз жұмған.
«Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын анықтау, сондай-ақ болған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп көрсетті Алматы облыстық ПД.