Жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ: Қазгидромет жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сонымен қатар тұман түсіп, жел күшейеді
Қазгидромет синоптиктерінің болжамында, бүгін еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр жауады, ал орталығы мен солтүстік аймақтарда қар жауып, бұрқасын жәнке көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, ал Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады түнде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман көктайғақ күтіледі.