3700 жұмыс орны қысқармақ: Маск Twitter қызметкерлерін жұмыстан шығаруда
Бұған дейін компанияда шамамен 7500 адам жұмыс істейтін

Twitter қызметкерлері үшін көңілсіз күн: Илон Маск компанияны басқарғаннан кейін мыңдаған адамдар жұмыстан босату толқынына дайындалуда. Жақында әлеуметтік желіні сатып алған миллиардер компанияның директорлар кеңесін таратып, өзін жалғыз мүше етіп тағайындады.
Жұма күні Twitter қызметкерлері жұмыстан босату туралы хабарлама ала бастады. Сан-Францискодағы кеңсеге жұма күні сағат 16-ға дейін олар компаниямен ынтымақтастықты жалғастыра ма, жоқ па, соны хабарлайтын электрондық хат келді.
Бір күн бұрын британдық БАҚ Маск шамамен 7500 адам жұмыс істейтін компанияда 3700 жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сонымен қатар, компанияныі жаңа иесі қосымша демалыс күнін алып тастады.