Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр
Петропавлда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті», - делінген хабарламада.
Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.
Қазір оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.