Алматыда ескі әуежайды сүру жұмыстары басталды
VIP-терминалдың жаңа ғимараты басқа жерге көшірілмек
Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы VIP-терминалы бар ескі әуежайды сүру жұмыстары басталды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысанды бұзып, басқа жаққа көшіру жұмыстарына рұқсат беретін бүкіл құжат бар.
«Нысанды бұзып, басқа жаққа көшіру жұмыстары қоғамдық талқылаудан кейін басталды. Оған рұқсат беретін барлық құжаттар бар. VIP терминалдың жаңа ғимараты Ахметов көшесінің оңтүстік-шығысында 420 метр жерде болады, витраж, бельведер элементтері секілді негізгі мәдени элементтер сол жерге көшіріледі. Бір бөлшек бойынша витраждар мен терезе жақтаулары алынып тасталды, элементтердің көшірмесін алу үшін қасбеттің негізгі элементтері бояудың көптеген қабаттарынан қолмен тазартылды. Ғимараттың цифрлық егізі жасалды»,- делінген хабарламада.
Жаңа терминал 2024 жылдың бірінші тоқсанында салынып бітуі керек еді.
Бірақ, VIP терминалдың мәдени мұрасын бағалау бойынша халықаралық сараптама мен қоғаммен кеңесу жұмыстары жүргізілгендіктен, құрылысты бітіру жұмысы 2024 жылдың жазына ауыстырылды.