Энергетика министрлігінің екі бірдей қызметкеріне қатысты сот отырысы жалғасуда

Автор: Azattyq Rýhy

Олар аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған Энергетика министрінің екі бірдей орынбасарына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Щучинск-Бурабай аймағындағы Қарасу көлін тазарту жұмыстарына байланысты мердігер ұйымның басшысы жауап берді. Ол Энергетика министрлігімен арада жасалған келісімнің мән-жайын түсіндіріп, 2016 жылдың мамыр айында жоба құнын қалай арттырғанын айтты.

Айта кетейік, бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков жолды тазалау жұмыстарының құнын әдейі 5 миллиардтан 7,5 миллиард теңгеге арттырды деп айыпталуда.