$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Рақымшылықпен босағандар қайта әлеуметтендіріледі – депутат

Гүлнар Бижанова рақымшылықты гуманизм актісі деп есептейді

Рақымшылықпен босағандар қайта әлеуметтендіріледі – депутат
Фотоколлаж

Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова Мемлекет басшысы қол қойған «Рақымшылық туралы» заңның іске асырылу барысы туралы айтып берді.

«Елімізде қаңтар оқиғасына қатысушыларға қоғам мен мемлекеттің гуманизм мен мейірімділік актісі қабылданды деуге болады. Бұл қоғамдық келісімді сақтау үшін де маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қыркүйекте рақымшылық жасауды ұсынды. Ол халықты қаңтар оқиғасына қатысушыларға «кешіріммен қарауға» шақырды. Оның үстіне олардың көбі «тобырлық сана» деп аталатын әрекеттің әсерінен қылмыс жасаған. Олар өте білікті ұйымдастырушылардың қолындағы «шоқпарға» айналды. Сондықтан Мемлекет басшысының жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға рақымшылық жасау туралы жолдауын естігенде шын жүректен қуандық», - дейді депутат.

Оның айтуынша, рақымшылққа 4 қаңтардан 7 қаңтарға дейін Алматы қаласында және басқа облыстардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдар жатады.

«Заңды әзірлеуге Бас прокуратураның, Жоғарғы сот өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Қаңтар айының сол қасіретті күндерінде болған құқық бұзушылықтардың барлығын терең талдадық. Барлығы мұқият зерттелді. Барлық мақала бойынша талдау жүргізілді. Мемлекетке опасыздықпен, экстремистік іс-әрекеттерді ұйымдастырумен, жаппай тәртіпсіздік  ұйымдастырумен, билікті асыра пайдаланумен және азаптау түріндегі күш қолданумен, сондай-ақ қызметтік заттар мен қаруды тастап кетумен байланысты құқық бұзушылықтардан басқасы рақымшылыққа ілікті», - деді Бижанова.

Депутат атап өткендей, тәртіпсіздікке барғандардың басым көпшілігі рақымшылыққа ілігеді. Бұл - 1,6 мың адамның 1,5 мыңы. Сотталғандардың 60 пайызға жуығы қараша-желтоқсан айларында босатылады деп күтіліп отыр. Келесі жылдың бірінші жарты жылдығында қаңтар оқиғасының қалған қатысушылары босатылады.

Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар, мемлекетке опасыздық жасаған, террористік және экстремистік қылмыс жасаған рецидивистер рақымшылыққа ілікпейді.

«Бұл рақымшылық бір реттік сипатқа ие және бұрынғылардан ерекшелігі белгілі бір күнге белгіленбеген. Қазақстанда бұған дейін 10-нан астам рақымшылық жарияланған. Олар әдетте мерейтойлар мен елдегі маңызды оқиғаларға байланысты болды. Бұл рақымшылық қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотталғандарға ғана қатысты. Егер басқа рақымшылық жасауда міндетті түрде сотталушының мінез-құлқы, жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтеудің толықтығы ескерілсе, бұл рақымшылықты қолдану кезінде мұндай сәттер болмайды. Бұл жерде заң ауыр қылмыстар үшін жазаны – мерзімнің төрттен үш бөлігіне, аса ауыр қылмыстар үшін екі есе қысқартуды көздейді», - деді Мәжіліс депутаты.

Депутаттың айтуынша, мұндай қысқарту ешқашан болған емес.

«Алдағы күндері бостандыққа шыққандар үшін бұл күн қоғамның кешірімді және әр адамның басына түскен жағдайды қалай қабылдауды білетін мемлекетте жаңа өмірдің бастауы болады деп сенеміз. Екіншіден, бұл жастар қоғамда бұрынғы қалпында емес, туған-туыстарына, еліне қажет және пайдалы болады деп ойлаймыз. Осы мақсатта заң Үкіметтің босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру, оларды жұмысқа орналастыру, құжатты дайындауға жәрдемдесу жөніндегі міндеттерін де қарастырады. Баспанасы жоқтарға уақытша бейімдеу орталықтары мен арнайы орталықтардан тұрғын үй беріледі. Яғни, барлық қажетті әлеуметтік және басқа да көмек көрсетіледі, содан кейін олардың тағдыры өздерінің қолында», - деп түйіндеді сөзін депутат.

Серіктес жаңалықтары