Алматыда жеті рет қар көшкіні жүрді

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Кіші Алматы өзенінің саласында 16-17 ақпанда қар жауғанда және одан кейін жеті мәрте қар көшкіні жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, 6500 текше метр қар массасы өзеннің Медеу бөгетінен жоғары тұсына түскен, бірақ оны жауып қалмаған. 

«Кіші Алматы өзенінің бойында су кедергісіз ағып жатыр, қалған көшкіндер тау беткейінде тоқтады. Көшкен қардың жалпы массасы - 20 150 текше метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», - делінген хабарламада.

19 ақпанда қар көшкіні аяқталған соң «Қазселденқорғау» ММ мамандары қар көшкінінің алдын алуға бағытталған бірқатар шара жүргізеді.