COVID-19 инфекциясын жұқтырған 840 адам емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 49 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 5 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
3 қарашадағы мәлімет бойынша, 840 адам коронавирус инфекциясынан (–690+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 72 пациент стационарда, 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.