Камбоджа Украинаға саперлер жібереді

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы Премьер-министр Хун Сен мен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы келіскен

Фото: ашық дереккөзден

Камбоджалық саперлер көптеген мина алаңын қалдырған отыз жылдық соғыстан кейін әлемге танымал мамандарға айналды.
Камбоджа минадан тазарту бойынша украиналық мамандарды оқытуға көмектесу үшін Украинаға мина тазартуға екі топты жібереді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy WP-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Премьер-министр Хун Сен мен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы келіскен.

«Washington Post газеті Камбоджаның Жапониямен бірге мамандардың бірінші тобын желтоқсан айының басында, ал екіншісін келесі жылдың бірінші тоқсанында жіберетінін хабарлады», - деді Камбоджа минадан тазарту орталығының директоры Хен Ратан.

Басылым Камбоджада 1998 жылы аяқталған отыз жылға созылған соғыстан кейін орасан зор мина алаңдары мен жарылмаған оқ-дәрілердің болғанын және жылдар өте келе Камбоджа саперлерінің осы соғыс іздерін жоюдың маманы ретінде әлемге танылғанын жазған. Олардың бірнеше мыңы кейін Африка мен Таяу Шығыста жұмыс істеді.

Хун Сен Зеленскиймен сұхбатында Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптап, «Камбоджа әрқашан бір елдің екіншісіне шабуыл жасауына қарсы» екенін жеткізді.