$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жарық жоқ, жол батпақ»: Алматы облысының тұрғындары жарықты да үнемдеп қолдануға мәжбүр

Ынтымақ ауылының жұрты биыл да тас жолға зар болып қаламыз ба деп алаңдайды

«Жарық жоқ, жол батпақ»: Алматы облысының тұрғындары жарықты да үнемдеп қолдануға мәжбүр
Алматы арнасы

«Мектеп пен ауруханаға жетеміз деп батпаққа былғанып жүрміз». Алматы облысындағы Ынтымақ ауылының жұрты биыл да тас жолға зар болып қаламыз ба деп алаңдайды. Бұл мәселені бүгін бірінші рет емес, бұған дейін де көтеріп келген халық бәріне жергілікті билікті кінәлап отыр. Айтуларынша, әкімдік өкілдері осыдан 2 ай бұрын түйткілді шешуге уәде берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

7 мыңдай халқы бар Ынтымақ ауылының кіреберісіндегі тұрғындар 3-4 жыл бұрын қоныстанған. Біраз жыл өтсе де, ми батпаққа белшесінен батып, одан қалса жарықты да үнемдеп қолдануға мәжбүр.

«Бұл жерге жедел жәрдем келе алмайды. Енді үлкен кісілер бар. Біреуі болмаса, біреуі қатты ауырып қалса, балаларымызбен өзіміз алып жүгіреміз. Машинамыз тығылады, жүре алмаймыз», – деді Ынтымақ ауылының тұрғыны Сайлаугүл Қыстаубаева.

«Екіншіден, ең күрделі мәселеміз – жарық. Біз оны жекеменшіктен алып отырмыз. Кірерде қомақты қаржы төлеп кірдік. Енді ай сайынғы төлеміміз, Қазақстанның қалған халқына қарағанда 2 есе артық», – деді Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытгүл Нұрлыбаева.

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті атқарушы орган өкілдері бұл жағдаймен жақсы таныс. Сөз жүзінде жұрт бүгінде діттеген жеріне батпақпен емес, тегіс жолмен зымырап өтуі тиіс болған. Ал округ әкімінің орынбасары берілген уәде қарашаның аяғына дейін орындалады деп сендірді.

«Осы қарашаның аяғында төменгі жақтан жол салып береміз. Кәдімгідей астын жасап, баласын төсеп, үстіне ПГС төсеп әдемілеп жол салып береміз. Асфальтті төменгі температурада сала алмаймыз, ПГС-пен әдемілеп тұрып жол саламыз», – деді Байсерке ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулетхан Жетеуов.

Әкімдік өкілінің айтуынша, жекеменшік иелігіндегі трансформаторларды әкімдік қарамағына өтсе, электр жарығына қатысты мәселесе шешіледі.

Серіктес жаңалықтары