$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Теміртау әкімі тұрғындарды жылусыз қалдырған кәсіпорын басшысын жұмыстан босатты

Мердігерлік ұйымдар жылу магистралін жөндеу жұмыстарын кешіктірген

Теміртау әкімі тұрғындарды жылусыз қалдырған кәсіпорын басшысын жұмыстан босатты
Фото ашық дереккөзден

Теміртау әкімі Ораз Тәуірбеков «Оқжетпес-Т» ЖШС директорын қызметінен босатты. Бұған қала тұрғындарының жылыту мәселесіне наразылығы себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Теміртау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Коммуналдық кәсіпорынның жаңа директоры қызметіне Сергей Работягов тағайындалды.

«Халық тарапынан көптеген шағымдарға байланысты «Оқжетпес-Т» ЖШС атына директор лауазымына Сергей Работяговты тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол Теміртау тумасы, оны көпшілік біледі. 1998 жылдан бастап кәсіпорында жұмыс істейді, шеберден бастап бас инженерге дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. Оның алдына қойылып отырған басты мәселе – жылыту маусымының тұрақты өтуі», - деп атап өтті Ораз Тәуірбеков.

Теміртау тұрғындарын жылыту мәселесі біраз уақыттан бері алаңдатып келеді.

Металлургтер қаласындағы үйлерге жылу облыстың басқа қалалары мен аудандарынан кешірек беріле бастады.

Мердігерлік ұйымдар жылу магистралін жөндеу жұмыстарын кешіктірген болатын.

«Бүгінгі таңда «АП-ИМПЭКС» ЖШС мердігер компаниясы 4,4 млрд теңгенің 2,9 млрд. теңгесін игерді. Бұл 2,9 млрд теңге қаражаттың 80 пайызы - құбыр өнімдерінің құны. Мердігерге қатысты шағым құжаттамасы дайындалып жатыр. Компанияны жосықсыз деп тек сот анықтай алады», - деп хабарлады Теміртау әкімдігі.

Асығып жасалғандықтан жұмыс сапасы мін көтермей, магистраль қабылданбаған болатын. Нәтижесінде өткен демалыс күндері 50-ден астам үй жылусыз қалды.

Серіктес жаңалықтары