$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ер адам бутиктен жаңа заттарды ұрлап кеткен

22 жастағы жігіт ұсталды

Астанада ер адам бутиктен жаңа заттарды ұрлап кеткен
Фото ашық дереккөзден

Полицияға тауарды ұрлап әкеткен белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрап, қаладағы ЖШС-лардың бірінің өкілдерінен хат келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 22 жастағы жас жігітті ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің кешкі уақытта «Хан Шатыр» СОО киім дүкенінде болып, жалпы құны 43 536 теңге тұратын ерлер жемпірі мен полоны алып, киім ауыстыратын бөлмеге кіріп кеткені анықталды. Ұры жұқа футболкасының үстіне жаңа жемпір киіп, полоны рюкзагына салып, бутиктен білдіртпей кетіп қалған.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Заттай дәлелдемелерді күдікті сатып жіберген.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #ұрлық