Көлік апатынан 73 адам түрлі дене жарақаттарын алды
Жетісу облысында республикалық маңызы бар жолдарда соңғы екі айда көлік апатынан 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Крис-П» фоторадар жылжымалы кешенін пайдалану өңірдің автожолдарындағы апатты азайтуға көмегін тигізді. Бүгінгі таңда Жетісу полициясының базасында 8 «Крис-П» кешені бар.
Талдауға сәйкес, 26-31 қазан аралығында патрульдік полиция қызметкерлері Крис-П фоторадарын пайдаланған республикалық трассаларда жылдамдықтың артуына байланысты бірде-бір ЖКО тіркелген жоқ. Сонымен қатар, соңғы екі айда (көрсетілген апталық кезеңді есептемегенде) республикалық автожолдарда 42 жол көлік оқиғасы тіркеліп, онда 20 адам қаза тауып, 73 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
«Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жылдамдықты арттырудан орын алатының ескерткіміз келеді. Бір апта ішінде Крис-П фоторадарлары жылдамдықты бұзудың 276 дерегін тіркеді. Облыс полицейлері ауа райының нашарлауын ескере отырып, көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды сұрайды»,- делінген хабарламада.