Ұлытау облысының әкімдігі бюджет қызметкерлері жалақысының кешіккені туралы ақпаратқа түсінік берді

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімдік негізсіз және нақты емес мәліметтерді таратпауға шақырады

Фото ашық дереккөзден

Ұлытау облысының әкімдігі бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының кешіккені туралы ақпаратқа ресми түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Кешігу тек қазан айының басында қыркүйектің жалақысы төленген кезде ғана болды. Оның себебі облыстың бюджеттік ұйымдары әділет және салық органдарында қайта тіркелуіне байланысты. Қазіргі уақытта бюджет саласының қызметкерлеріне берешек жоқ», - делінген ресми хабарламада.

Бұл ретте Ұлытау облысының әкімдігі негізсіз және нақты емес мәліметтерді таратпауға шақырады.

«Мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сілтеме жасауды сұраймыз», - дейді әкімдіктен.