Жыл басынан бері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 534 бала баспаналы болды
Биыл оларға жылына берілетін тұрғын үй саны 38 пайызға өсті

Жыл басынан бері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 534 балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Сенат депутатының сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден үй алуға бірінші кезектегі құқығы бар. Заңға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жылына берілетін тұрғын үй саны 38 пайызға өсті. Осы жылдың 9 айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан 5 165 азамат, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 534 балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді», - делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.