$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Салтанат Тұрсынбекова өзін қолдауға шақыратын алғашқы үгіт-насихат плакатын ілді

Үгіт-насихат жұмыстары жеделдетілген қарқынмен жүргізілуде

Астанада Салтанат Тұрсынбекова өзін қолдауға шақыратын алғашқы үгіт-насихат плакатын ілді

Салтанат Тұрсынбекова Астана қаласында өзін қолдауға шақыратын алғашқы үгіт-насихат плакатын ілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елорда мен өңірлерде үгіт-насихат материалдарын тарату жұмыстары жүргізілуде.

Салтанат Тұрсынбекова Астана көшелеріне алдағы сайлауда өзіне дауыс беруге шақыратын алғашқы плакатты ілу үшін шықты. Осылайша елордада және еліміздің аймақтарында штаб командасы іске кірісіп кетті.

Штаб қызметкерлері мен волонтерлер азаматтар арасында баннерлер, плакаттар іліп, парақшалар таратуда. Сондай-ақ волонтерлер қызығушылық танытқан азаматтарға Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, оның жетістіктері мен жоспарлары туралы айтып береді.

Сайлау науқаны аясындағы барлық жұмыс заңға сәйкес қатаң түрде жүргізілуде. Баспа өнімдері тек арнайы бөлінген орындарға орналастырылады.

Айта кету керек, Тұрсынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін алғашқы сапарына өңірлерге, оның ішінде, Ақмола облысына аттануды жоспарлағанын хабарлады. Алайда құқық қорғаушы сапардың кейінге қалдырылғанын ауа райының нашарлауынан (көктайғақ) жолдың жабылуына байланысты деп түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары