Салтанат Тұрсынбекованың Көкшетауға сапары кейінге шегерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Салтанат Тұрсынбекова алғашқы сапарына аттануы тиіс болған

Салтанат Тұрсынбекованың Көкшетауға сапары жолдың жабылуына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, 23 қазанда президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова өңірлерге алғашқы сапарына аттануы тиіс болған.

Құқық қорғаушы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіліп жатқан Көкшетаудағы «Шанс» дағдарыс орталығына барады деп жоспарланған еді.

Алайда, өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңыздағы бірнеше жол жабылып, кандидаттың сапары кейінге шегерілді.