Мейрам Қажыкен Павлодар алюминий зауытының жұмысшыларымен кездесті
Павлодар алюминий зауыты 1964 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылды

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Павлодар алюминий зауытының жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сайлаушылармен кездесуде Мейрам Қажыкен өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін атап өтті. Ол тәуелсіз кәсіподақтардың рөлін күшейту қажеттілігі туралы айтты. Мұндай шара жұмысшылардың жалақы деңгейін көтеріп қана қоймай, еңбек жағдайларын жақсартуға көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ, әлеуметтік блоктың проблемаларын қозғап, тәлімгерлік және техникалық кадрларды кәсіби даярлау мәселесін көтерді.
Кездесу соңында зауыт ұжымы М. Қажыкенге сайлау алдындағы жарысқа сәттілік тіледі.
Айта кетейік, зауыт ұжымы бұл Президенттікке үміткермен сырттай таныс. 2016 жылы мұнда Мейрам Қажыкен жүргізген зерттеу үшін сауалнама жүргізілді. Зерттеудің мақсаты-ең төменгі тұтыну себетінің нақты құрамы мен құнын анықтау.
Павлодар алюминий зауыты 1964 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылды.
Мұнда 8000-нан астам адам жұмыс істейді. Осы себепті кәсіпорын Павлодар облысының ірі жұмыс берушісі болып саналады.