Қазақстанда аттестат пен диплом QR арқылы беріледі

Автор: Аягөз Құрмаш

Мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингтеу цифрлы форматқа көшіріледі

Фото: vlast.kz

Бұдан былай қазақстандық оқушылардың цифрлық портфолиосы болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрдің айтуынша, әр педагогтің цифрлық портфолиосы енгізіледі, сәйкесінше оның аттестациясы, жұмысқа қабылдау рәсімі, конкурстарға қатысуы, жетістіктері және барлық ақпараты сол жүйеге жүктеліп электронды форматта өтеді. 

Мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингтеу цифрлы форматқа көшіріледі.

«Аттестаттар мен дипломдар QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, әр оқушының да цифрлық профилі еңгізіледі, онда оқушының балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы, біз сөзбен айтқанда цифлық ізі қалыптастырылады. Ең қажетті қызметтер толығымен eGov пен ірі банктардың  мобильді қосымшаларында қолжетімді болады», - деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұл бастамалар Үкімет бекіткен ҚР білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.