Оқиға Федоровка ауылында жеке үй аумағында болды
Харьков облысы Лозовский ауданы Федоровка ауылында жеке үй аумағындағы жарылыс салдарынан үш адамнан тұратын отбасы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
«Алдын ала анықталғандай, ер адам ауыл маңындағы алқаптан С-300 зымыранының жарылмаған сынығын тауып алған. Ол оны тұрғылықты жеріндегі аулаға әкелген, зымыран сол жерде жарылған», - делінген хабарламада.
Жарылыс құрбандары – 47 жастағы ер адам, оның 35 жастағы әйелі және 4 жасар қызы.
Оқиға туралы ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне «апат» деген белгімен енгізілді.