Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері жұмбақ жағдайда қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмның денесі мен көлігі теміржол бойынан табылған

instagram.com/zhambyl_police

Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері жұмбақ жағдайда қаза тапты. Бұл деректі ресми орындар растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Бірақ істің қалай болғаны нақты жарияланған жоқ. Марқұмның денесі мен көлігі теміржол бойынан табылған. Оқыс жағдай ма, әлде қызметіне қатысы бар ма, ол жағы әзір белгісіз.

ҰҚК қызметкері Асқар Айтбаевтың қазасы жайлы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Онда полицейлер марқұмның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтқан.