Валюта бағамы: 31 қазанда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Фото: kapital.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі 31 қазанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін, яғни дүйсенбі күні доллардың ресми бағамы 467 теңге болды.

Айта кетейік, өткен тәуліктерде америкалық валютаның ресми бағамы 465,36 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7,58 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 469 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 468 теңгеден сатып алынып, 472 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 467 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 464,76 (еуро)

RUB / KZT – 7,58 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,1 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 64,36 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,63 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,19 (өзбек сомы).