31.10.2022, 08:23
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Фото: ашық дереккөзден
Синоптиктер 31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, облыстың солтүстік-батысында бұрқасын болады.
Астанада жаңбыр жауып, жел секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз +3+5, түнде 0-2 градус болады.
Алматыда жаңбыр жауады, жел секундына 2-7 метр болады. Күндіз +9+11, түнде +4+6 градус болады.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, жел секундына 5-10 метрге жетеді. Күндіз +12+14, түнде +3+5 градус болады.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды