Ақтауда тұрғын үй ауласынан ер адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Ақтау қаласында 6-шағын аудандағы 24-үйдің алдынан ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 6-шағын аудан 24-үйдің алдынан күш көрсету белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Қоңырау 28 қазан күні сағат 20:21-де тіркелді», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барған. Мәйітті сот-медициналық сарапшы қараған кезде дене жарақаттары анықталмаған. Ер адамның өлімінің себебін нақты анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.