29.10.2022, 14:43
Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі ғимаратынан өрт шықты
Оқиғаның себебі анықталып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Қорғаныс министрлігі ғимаратынан өрт шықты. Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өрт сөндіруге шақырту түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрт қазірдің өзінде ауыздықталды, толық ақпарат сәл кейінірек болады», - деді Р. Иманқұлов.
Ресми өкілдің хабарлауынша, ғимаратта 10 шаршы метр аумақта кеңсе жиһазы жанып кеткен.
«Сағат 13:42-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деп толықтырды ТЖМ баспасөз хатшысы.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды