82 жастағы Пол Пелоси ауруханаға жатқызылды
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің күйеуі Пол Пелосиге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Белгісіз біреу Пелосидің Сан-Францискодағы резиденциясына кірген. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды, оның не себепті мұндай әрекет жасағаны тексеріліп жатыр», - деді спикер әкімшілігінің өкілі Дрю Хэмилл.
Оқиға Нэнси Пелоси резиденцияда болмаған кезде орын алған.
«Пол Пелоси ауруханаға жатқызылды. Толықтай жазылады деп үміттенеміз», - деді Дрю Хэмилл.