Туыстары келіншек Ақтауға кетіп қалуы мүмкін дейді
Бейнеуде бір ай бұрын жоғалып кеткен 3 баласы бар әйел табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«27 жастағы Жәния Абдуллаеваның жоғалғаны туралы арызды ата-анасы жазған. Оның үш баласы бар. Көрген-білгендер полицияға немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәния Абдуллаева 29 қыркүйек күні Бейнеу ауылындағы үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Туыстары оны Ақтауға кетіп қалуы мүмкін дейді.