Ақтөбеде екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінген үш адам елордада ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласында екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінген үш адам елордада ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

28 қазан күні Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады. Ер адамдар Ақтөбеде екі кісіні өлтіргені үшін қылмыстық қудалаудан елордада жасырынып жүрген.

Ұсталғандар іздестіру бастамашыларына беріледі.