Елорда бюджетіне ақылы автотұрақтан 2 млрд теңге түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі

Фото ашық дереккөзден

Астанада ақылы автотұрақ қызметінің арқасында жоба басталғалы қала бюджеті 2 млрд теңгеден астам сомаға толықты. Тұрақты пайдаланудан түскен сома – 202 млн теңге. Бұл туралы «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, тұрақ ақысын төлемегені үшін салынған айыппұл сомасы толығымен қала бюджетіне түседі және ол инвесторға кері қайтарылмайды.

«Ақылы автотұрақтар жүйесі «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ның 2,7 млрд теңгеден астам қаражатына іске асырылды. Мемлекет кірісі – 92%, ЖШС кірісі 8% құрады. Мемлекет тарапынан инвестициялар тартылған жоқ», - делінген компания мәліметінде.

Елордада нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** деп басталатын ақылы автотұрақ жобасы 2022 жылдың 1 наурызында енгізілді. Аталмыш тұрақтар: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін – ақылы, ал демалыс және мереке күндері – тегін.