COVID-19 инфекциясын жұқтырған 766 адам емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 34 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 4 адам КВИ пенвмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
28 қазандағы мәлімет бойынша, 766 адам коронавирус инфекциясынан (–624+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 80 пациент стационарда, 686 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.