Олар болмашы жарақат алған, ал ұшқыш дін аман
Малайзияның Паханг штатында тікұшақ апатқа ұшыраған. Бортта болған 6 адам аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Зардап шеккедердің барлығы сағат 16:00 шамасында Бринчанг елді мекенінің маңынан аман табылды. Қазір мамандар оларды құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр», - деді Перак штатының басшысы Мохд Юсри Хасан Басри.
Малайзияның Bernama ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккен 6 адамның бесеуі медициналық бригада мүшелері. Олар болмашы жарақат алған. Ал ұшқыш дін аман. Тікұшақ Паханг штатының Бринчанг елдімекенінің маңында орманды жерге шұғыл қону кезінде апатқа ұшыраған.
Малайзия азаматтық авиация басқармасының мәлімдеуінше, штаттан тыс оқиға сағат 13:00 шамасында болған.