Тауға баруды кейінге шегеруді сұраймын - Сағынтаев

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы әкімі жол бойында 600 техника мен 1700 жұмысшы қызмет етіп жатқанын айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында қала тұрғындарынан қардан тазармаған көшелерді айтып отыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Құрметті алматылықтар! Жауған қалың қар өте сақ болуды талап етеді. Қар жамылғысының биіктігі қаланың жоғарғы бөлігінде - 15 сантиметр, таулы аймақта - 25 сантиметрден асты. Сілбі қар ағаштарды құлатқан. Құлаған кейбір ағаштың бұтақтары көлікке тиген. Таңертең қаланы аралап шықтым. Көшелерді, аялдамаларды қардан тазалау бойынша және тайғаққа қарсы барлық қажетті шаралар қолға алынған. Жол бойында 600 бірлік техника мен 1700 жұмысшы қызмет етіп жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Мегаполис басшысы қалалық ПД мен ТЖ басшылығына осы жағдайға байланысты тапсырма бергенін айтты. 

«Полиция департаментіне жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, ТЖ департаменті мен коммуналдық қызметтерге апатты жағдайлардың салдарын жедел жоюды тапсырдым. Қар тазалауда қиындық тудырған көшелердегі жағдай туралы хабарлауды сұраймын. Құрметті алматылықтар! Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің тау баурайларында қар көшкіні жүруі қаупі бар. Сондықтан тауда өте сақ болуларыңызды, тіпті тауға баруды кейінге шегеруді сұраймын», - деп жазды Алматы әкімі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

16.02.2020 Құрметті алматылықтар! Жауған қалың қар өте сақ болуды талап етеді. Қар жамылғысының биіктігі қаланың жоғарғы бөлігінде — 15 см, таулы аймақта — 25 см-ден асты. Сілбі қар ағаштарды құлатқан. Құлаған кейбір ағаштың бұтақтары көлікке тиген. Таңертең қаланы аралап шықтым. Көшелерді, аялдамаларды қардан тазалау бойынша және тайғаққа қарсы барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Жол бойында 600 бірлік техника мен 1700 жұмысшы қызмет етуде. Полиция департаментіне жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, ТЖ департаменті мен коммуналдық қызметтерге апатты жағдайлардың салдарын жедел жоюды тапсырдым. Қар тазалауда қиындық тудырған көшелердегі жағдай туралы хабарлауды сұраймын. Құрметті алматылықтар! Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің тау баурайларында қар көшкіні жүруі қаупі бар. Сондықтан тауда өте сақ болуларыңызды, тіпті тауға баруды кейінге шегеруді сұраймын. —— Уважаемые алматинцы! В связи с сильным снегопадом требуется повышенное внимание. Высота снежного покрова в верхней части города составила 15 см, в горной — более 25 см. Мокрый тяжелый снег повалил деревья, в некоторых случаях ветками задеты автомобили. С утра совершил объезд города. Приняты необходимые меры по очистке и противогололедной обработке улиц, тротуаров, остановок. Работает порядка 600 единиц техники и 1700 рабочих. Поручил Департаменту полиции усилить меры по обеспечению безопасности на дорогах. Департаменту по ЧС и коммунальным службам — оперативно устранять последствия аварий. Прошу сообщать, где наблюдается наиболее сложная обстановка с уборкой улиц. Уважаемые горожане! На горных склонах в бассейнах рек Үлкен и Кіші Алматы появился риск схода лавин. Поэтому прошу быть предельно осторожными в горах, советую отложить посещение гор.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)