ШҚО-да Тоқаевтың сенімді өкілдері студенттермен кездесу өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Жастарға Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасындағы басты бағыттар таныстырылды

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Мұхтар Төлеген, Арайлым Есімбекова және Данияр Жүнісов студенттермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасындағы басты бағыттарға тоқталып, жастар саясатына қатысты ақпараттарды бөлісті.

«Алда өтетін кезектен тыс ҚР Президент сайлауы – ел тарихындағы маңызды оқиға. Ең лайықты кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, жастар білімді, еңбекқор және патриот болуы керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы жастар саясатын басты назарда ұстауда. Өйткені білімді жастар – ел болашағы», - деді өз сөзінде Мұхтар Төлеген.

«ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жастар біліміне зор көңіл бөлуде. Қазақстанда орта білім мен жоғары білім қолжетімді. Яғни, білім іздеген жас буын тегін оқуына және зор мүмкіндіктерге қол жеткізуіне болады. Сайлауалды бағдарламада бұның барлығы көрсетілген», - деді өз сөзінде сенімді өкіл Данияр Жүнісов.