Шетел жаңалықтарына шолу
Иранның Шираздағы Шах Черах кесенесінде атыс салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында бір әйел мен екі бала бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Бастапқыда шабуыл салдарынан 40-қа жуық қажы жараланды деген хабар тараған. Кейінірек Иранның мемлекеттік теледидары кем дегенде 19 адам жарақат алды деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігі шабуылдаушылардың үшеуі болғанын хабарлады. Алайда Фарс провинциясы басшысының орынбасары Эсмаил Мохебипур теледидарда жарақат алып, ұсталған бір адамды атып тастағанын хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, ол Калашников автоматын қолданған.
Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алды (Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде террористік ұйым деп танылды және тыйым салынған).
Иран билігі үшін «ИМ» ұйымы дұшпандарының қатарына жатса да, бұл елдегі жиһадшылардың шабуылы салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Соңғы рет 2018 жылы Ахваз қаласындағы әскери шеруде 30-ға жуық адам осы ұйымның кесірінен қаза тапқан еді. Бұған дейін жиһадшылар 2017 жылы Аятолла Хомейни кесенесі мен Иран Парламентіне шабуыл жасағаны туралы мәлімдеген.
Соңғы шабуыл Иран полицейлерінің қолынан қаза тапқан Махс Аминиді еске алу үшін аза тұту рәсімі өткен зираттағы атыспен аяқталды.
Хиджабты дұрыс тақпағаны үшін айыпталған ирандық қыз полицияның соққысынан көз жұмған еді.
ГРЕКИЯДА УКРАИНАЛЫҚ БОСҚЫНДАРДЫ ТОНАП КЕТТІ
Грекияның Варкиза қаласында қарақшылар украиндық босқындарды тонап кетті. Ұрылар отбасынан 1 миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдар мен 85 мың доллар қолма-қол ақша ұрлаған.
«Қарақшылар соңғы бірнеше айда біздің елде болған украин отбасының қозғалысы туралы жақсы білді. Сәрсенбі күні таңертең Варкизада (Афина маңындағы қала) үлкен ұрлық болды», – деп хабарлады Mega телеарнасы.
26 жастағы украиналық әйел полицияға жүгінген. Қыздың ата-анасы шетелде болған кезде қарақшылар босқындардың пәтеріне кіріп кеткен. Ерлі-зайыптылардың қызы жергілікті құқық қорғау органдарына үйден 1 миллион еуроның бағалы заттарын және 85 мың доллар қолма-қол ақша ұрланғанын айтты.Телеарна украиндықтардың ауқатты отбасы екенін, Украинада Ресейдің арнайы операциясы басталғаннан кейін Грекияда қоныстануға шешім қабылдағанын атап өтті. Зардап шеккендердің аты-жөнін полиция жасырып қалды.
ҮНДІСТАН ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШОЙГУҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнат Сингх РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгуға «ядролық нұсқаға жүгінуге болмайды» деп ескерту жасады.
Екі елдің қорғаныс министрі телефон арқылы сөйлескен. Үндістан тарапының мәліметінше, әңгіме Шойгудың бастамасымен болған. Ресейлік министр әңгіме барысында Украинаның «лас бомбаны» қолдануы мүмкін екенін ескерткен. Раджнат Сингх Үндістанның «қақтығысты тезірек шешу үшін» диалог пен дипломатия қажеттілігі туралы ұстанымын растады.
«Тараптардың ешқайсы ядролық нұсқаға жүгінбеуі керек. Өйткені ядролық немесе радиологиялық қаруды қолдану перспективасы адамзаттың негізгі принциптеріне қайшы келеді», - деп атап өтті ол.
23 қазанда Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Бен Уоллес пен Сергей Шойгудың телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеген болатын. Ол кезде Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Ресейдің Украинаға «лас бомбаны( қолдануға дайын екені туралы ескертулерінің негіздігін атап өтті. Осыдан кейін Шойгу Францияның Қорғаныс министрі Себастьян Лекорн мен Түркияның Қораныс минитрі Хулуси Акарға, сондай-ақ Пентагон басшысы Ллойд Остинге қоңырау шалып, жоғарыдағы әңгімені бәріне айтып шыққан.
Министрлер арасында әңгіме болып жатқан «лас бомба» (ядролық қару емес) жарылғыш зат. Мұндай құрылғының жарылуы радиациялық заттың таралуы арқылы жергілікті радиоактивті инфекцияны туғызады.
ГЕРМАНИЯ УКРАИНАҒА «НЕМІС HIMARS» ГАУБИЦАЛАРЫ МЕН ДРОНДАРЫН БЕРДІ
Германия Украинаға екі mlrs реактивті өрт жүйесін, төрт panzerhaubitze 2000 гаубицасын және екі жерүсті дрондарын берді. Бұл туралы Германия үкіметінің сайтында жарияланды.
Жерүсті дрондарының нақты қандай екені айтылмаған.
Германияның жоспарында Украинаға 155 мм калибрлі 6100 снаряд және 40 мм 186000 патрон беру бар.
Жеткізу мерзімі туралы мәліметті Германия үкіметі қауіпсіздік мақсатында хабарламады.
ЕКІ САҒАТТЫҢ ІШІНДЕ 17 ДРОНДЫ АТЫП ТҮСІРДІ
Украина Қарулы Күштері екі сағаттың ішінде ресейлік оккупанттар ұшырған ирандық 17 камикадзе дронын атып түсірді. Бұл туралы Әуе күштері қолбасшылығының хабарламасында айтылған.
«Оккупанттар Украинаға ирандық камикадзе дрондарымен шабуыл жасауды жалғастыруда. 26 қазанда сағат 22.00-ден 24.00-ге дейін жиырмадан астам «Shahed-136» ұшырылды. 17 дронды Украина Әуе қорғанысы күштері мен құралдары жойды», - делінген хабарламада.
Екі «Shahed-136» дронын Украинаның Қорғаныс Күштерінің басқа бөлімшелері атып түсірген. Тағы он бес «шахид» Одесса аспанында, үшеуі Николаев және біреуі Винница облыстарында жойылған. Жауынгерлік жұмыстың жоғары нәтижелі болуына батыс мемлекеттері берген қару-жарақ арқылы қол жеткізген.
«Одақтастарға рахмет! Сонымен қатар «Восток» әуе қолбасшылығының жауапкершілік аймағында зениттік зымыран бөлімшесі басқарылатын х-59 авиациялық зымыранын жойды», - деп атап өтті қолбасшылық.