26.10.2022, 23:27
Жаңалықтар
Ақтөбеде алаяқтық жасаған әкімдік аппаратының бұрынғы басшысы 3 жылға сотталды
Жәбірленуші «Kaspi Gold» арқылы шенеунікке 1 миллион теңгеден астам қаржы аударған
фото: egemen.kz
Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша айыпталған Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, 2020 жылғы сәуір-тамыз айларында жер телімін алып беремін деп танысын алдап, одан 1 383 915 теңге ақша алған. Сотталушы кінәсін толық мойындады», - деп көрсетті соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен экс-шенеунік мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 3 жылға сотталды.
Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
Бүгін, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды