Соңғы бір тәулікте 150-ге жуық адам көз жұмды
Қытайда соңғы бір тәулікте коронавирустан 142 адам көз жұмды. Осылайша коронавирустан қаза тапқандар саны 1665-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 68,5 мыңға жетті. 1665 адам қаза тауып, 9419 адам емделіп шықты», - деп жазылған ҚХР Денсаулық сақтау комитетінің хабарламасында.
Коронавирус қаупімен карантинде 8228 адам жатыр. Вирус жұқтырғандармен байданыста болған тағы 158 мың адам бақылауға алынды.
Комитет өкілдерінің айтуынша, 11 272 адам ауыр халде жатыр.