$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекетке бос жатқан 5 млн гектар жер қайтарылды – министр

Ал 1,8 млн гектар жер қайта игеріле бастаған 

Мемлекетке бос жатқан 5 млн гектар жер қайтарылды – министр
Фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пайдаланылмай жатқан жер туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

"Биыл пайдаланылмай жатқан әрі заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша Президенттің тапсырмасын орындау үшін белсенді жұмыс істедік. Мен бұған дейін осы жұмыстың аралық нәтижелерін жариялап отырдым. Міне, бүгін биылдың соңына дейін мемлекетке қайтарылуы тиіс болған 5 миллион гектар бос жатқан жер мерзімінен бұрын қайтарылғанын айтқым келеді. Бұған қоса, жер инспекторларының тексеру нәтижелері бойынша 1,8 миллион гектар жерді иелері ұзақ уақыттан кейін игере бастады", - деді министр.  

Ол атағандай, тексерулердің саны былтырғымен салыстырғанда 8 есеге өсті.  

"Мысал ретінде, 2022 жылы 1357 тексеру тіркелді. Көп нәтижеге жерді тексеруге мораторийдің алынып тасталғаны арқасында қол жеткізілді. Себебі соның арқасында біз кезінде заңсыз берілген, «жұмыс істемейтін», яғни ел экономикасына пайда әкелмеген учаскелерді анықтадық. Бұл процесс ауыр және оның жауапкершілігі өте жоғары екенін айту керек. Өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар бұл жұмысқа барлық кезде қатыспады. Соған қарамастан жоспар орындалды. Бірақ жеткен жетістікке тоқмейілсіп отырмаймыз, яғни мұнымен жұмысты тоқтатпаймыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі келесі жылға жоспарланған тағы 5 млн га ауыл шаруашылығы жерін қайтару жөніндегі міндеттерді мерзімінен бұрын іске асыра бастайды", - деді ол.  

Министр меншігінде жері бар, бірақ сонымен жұмыс істемейтін қазақстандықтарға ескерту жасады.  

«Тексеруден ешкім құтылмайды, бұл барша жер иелеріне қатысты», - деді Қарашөкеев. 

Серіктес жаңалықтары