$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге виза берілуі мүмкін

Қазір шетелдіктерге елімізде тұруға рұқсат беретін заң жобасы әзірленіп жатыр

Қазақстан экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге виза берілуі мүмкін
Фото: Yvision

Қазақстан экономикасына 300 мың доллар инвестиция салған шетелдіктерге елімізде тұруға рұқсат беретін заң жобасы әзірленіп жатыр.  Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі таңда Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан аса инвестиция салған шетелдік кәсіпкерлерге 10 жылға виза беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Серік Жұманғарин.

Министрдің айтуынша, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құру, жаңа технологиялар мен қызметтер көрсету, яғни Қазақстан экономикасы үшін мультипликативті әсер беретін инвестициялар ескерілетін болады.

Серіктес жаңалықтары