Павлодар облысында көліктен секірген ер адам көз жұмды
Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәліметті
Павлодарлық жедел жәрдем соңғы үш күнде үш ірі жол апатына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.
«Алғашқы ірі апат Чернорецк ауылынан 15 шақырым жерде республикалық тас жолда болды. 23 қазан күні сағат 00:58-де екі көліктің жылқыға соғылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығының тобы жіберілді. 9 минут ішінде жетті. Өкінішке орай, екі зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады - 29 және 35 жастағы ер адамдар өмірге сүруге сәйкес келмейтін жарақаттар алды. Тағы екі науқасты – 36 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйелді Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді», - деді баспасөз қызметінде.
Дәл осы күні Баянауыл ауылынан 25 шақырым жерде үш көлік соқтығысты. 103 желісіне қоңырау 21:07-де түсті, жедел жәрдем 12 минутта жетті. Апат салдарынан бес адам зардап шекті. 51 және 24 жастағы ер адамдар мен 2 және 12 жастағы екі бала аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Тағы бір 10 жасар қыз ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
«22 қазан күні сағат 18:14-те жедел жәрдемге ер адамға жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетті деген хабар түсті. Оқиға Солнечный кентінен шыға берісте болған. 103 қызметкерлері шақыртудан кейін 6 минут ішінде оқиға орнында болғанымен, 44 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол өте ауыр жарақат алған», - деді жедел жәрдемде.