$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұз тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр

Денис Покотиленко 13 қазанда жоғалып кеткен

Екібастұз тұрғыны он күннен бері іздестіріліп жатыр
фото: zakon.kz

Жоғалған екібастұздық азаматты он күннен астам уақыт іздеп жатыр. Еріктілер, туыстары мен жақындары оның тірі екеніне үміттенеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Екібастұзда 34 жастағы Денис Покотиленконы іздеуді жалғастыруда. Ер адам 13- қазанда баласын балабақшаға апарған соң жоғалып кеткен.

«VITA» іздеу тобының мәліметінше, жақында бейнебақылау камераларынан ер адамның жоғалған күні үйіне қайта барғаны белгілі болған.

«Біз оның үйіне оралғанын камерамен анықтадық. Содан кейін оның қай уақытта шыққаны анық емес. Әрі қарай қайда кеткенін камера арқылы қарап жатырмыз. Әзірге анықтау мүмкін болмай жатыр», - деді топ жетекшісі Екатерина Кудрявцева.

Екібастұздық еріктілердің айтуынша, ер адамды қайдан іздеу керек екенін көрсететін іздер жоқ. Еріктілер тіпті Баянауылға да барған.

«Оны барлық жерден іздедік. Көлікжайлар мен саяжайларды қарадық. Ер адам жүрген жолмен кинологпен бірге жүріп шықтық. Өкінішке қарай, бұл нәтиже бермеді», - дейді іздеу жұмыстарының үйлестірушісі Самал Дүйсенбаева.

Қазіргі уақытта бірнеше топқа бөлінген еріктілер, туыстары, достары, әріптестері және полицейлер ер адамды іздеуде.

Еске салайық, Денис Покотиленконың бойы 180-185 см, көзі қоңыр, дене бітімі орташа, шашы қара. Ер адамның сол қолында қара кеме түріндегі татуировкасы бар, ал оң қасында кішкентай тыртық бар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#адам жоғалу