Елорда тұрғынынан тапанша тәркіленді
Қару иесі екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Елорда тұрғынынан патрондары бар травматикалық тапанша тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ш.Бейсеков - Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында «Тойота Естима» маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында 30 жастағы жүргізушінің барсеткасынан 2 оғы бар «Стражник МР-461» маркалы травматикалық тапаншасы табылды.
Маманның қорытындысы бойынша тапанша 18х45 мм калибрлі, зауыттық типте жасалған және атуға жарамды оқпансыз атыс қаруы болып табылады.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баптың санкциясы 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі қылмыстық жазаны немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.