Тоқаев Еурокомиссия Президентімен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді

Автор: Azattyq Rýhy
фото: kapital.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономика, инвестиция және көлік-логистика салаларындағы өзара іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Урсула фон дер Ляйен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.