$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат тобы алғашқы кездесуін Павлодарда өткізді

ҚР Президенттігіне кандидат жұмыс, тұрғын-үй және еңбекақы мәселелері туралы айтты

Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат тобы алғашқы кездесуін Павлодарда өткізді

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастады. 22 қазан күні Павлодар облысына барып, кәсіподақ өкілдерімен, жастар сондай-ақ кәсіпкерлермен және еңбек азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алғашқы кездесу жастардың бастамаларын дамыту орталығында өтті. Жиында өңір бойынша жұмысқа тұру, тұрғын-үй, еңбекақы мәселелері көтерілді. М. Қажыкен бұл мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Тиісінше баспана алуға шамалары келмейтін отбасылардың аз емес екенін растап, мемлекет әрбір отбасыға жағдай жасауы қажет екенін айтты.

«Бүгінгі таңда жалақы теңсіздігі мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Аймақтарда азаматтар үлкен қалалардағы мамандарға қарағанда аз жалақы алады. Менің ойымша, ұлттық еңбекақы жүйесін біріздендірудің уақыты келді.  Нақты реформа арқылы бірыңғай стандартқа енгізу қажет. Бұл жалақы теңсіздігінің жоюға, оларды тарифтеу және индекстеу әдістерін ашық етуге мүмкіндік береді»- деді кандидат.

М.Қажыкен әр адамның қабілеттерін дамытуға және оны өмірдің барлық саласында жүзеге асыруға қажетті жағдайлар мен ресурстар болатындай мемлекет құруға ұмтылатынын атап өтті.

«Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамдағы басты міндеттердің бірі - қай жерде тұратыныңызға қарамастан, әлеуметтік қорғаудың тең деңгейін қоямын. Кедейлік табалдырығында тұрған отбасыларға, ерекше қабілеті бар адамдарға көмектесуге ерекше көңіл бөлгім келеді – оларға кәсіби іске асыру үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Сондай-ақ, қарттарға ерекше көңіл бөлу – олардың лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау қажет деп санаймын», – деді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Мейрам Қажыкен