22.10.2022, 16:42
Жаңалықтар
Президент жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды
Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлығымен:
- полиция генерал-полковнигі арнаулы атағы: Ахметжанов Марат Мұратұлына;
- генерал-лейтенант әскери атағы: Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлына;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Бектенов Олжас Абайұлына;
- полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Сөнтаев Қайрат Имятұлына;
- генерал-майор әскери атағы: Базарбаев Қуанар Бекенұлына, Қабақов Нұртас Дәулетұлына;
- ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Алтынбаев Әли Сапарғалиұлына, Құнанбаев Берік Садықұлына;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлына;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы: Сүлейменов Қанат Тұрсымбайұлына;
- экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Бижанов Қайрат Жақиянұлына;
- полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Скляр Василий Васильевичке;
- азаматтық қорғау генерал-майоры арнаулы атағы: Дербісов Нұрболат Бекболатұлына;
- 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Майлыбаев Айдос Серікханұлына, Нұрлыбай Сәбитке берілді.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 09:15
Жүргізуші куәлігінің болуы, тротуармен жүрмеу, шлем: самокат айдайтындарға қатысты ереже бүгіннен бастап күшейді