Түркі мемлекеттері бірыңғай әліпби құруды талқылап жатыр

Azattyq Rýhy

Бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтеді

Түркі мемлекеттері бірыңғай әліпби құруды талқылап жатыр

Бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссияны құру туралы шешім Түркияның Бурса қаласында өткен «Түркі әлемінің жалпы әліпбиі семинарында» түркі мемлекеттері ұйымының қарауына ұсынылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Семинар түрік тілі қоғамының (TDK) басшысы Гюрер Гүлсевиннің төрағалығымен өтті. Оған ақсақалдар кеңесінің басшысы, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым қатысты.

Семинарда түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елдерінде болып жатқан әліпби және тарихи тілдік үдерістер туралы баяндап, бірыңғай әліпбиге көшу үдерісін жеделдетудің және оны түркі мемлекеттері арасында таратудың маңыздылығын атап өтті.

Ал комиссияға түркі мемлекеттерінде тіл саясатымен айналысатын әрбір ресми құрылымның екі мүшесі кіреді.

Бірыңғай әліпби құру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтеді.

Айта кету керек, Қазақстан 2017 жылдан бері латын графикасына көшуді талқылап келеді. Осы уақытқа дейін Үкіметке латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы ұсынылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.